Қытайдың Шаньдун провинциясының аумағына орналасқан Синьсин мұнай алабының Фаньепин-1 учаскесінде тақтатас мұнайының анықталған геологиялық қоры 140 миллион тоннадан асты. Бұл туралы Қытайдың Жиньмин Жибао басылымы жазды.
Ал техникалық тұрғыдан өндіруге болатын мұнай қоры 11,36 миллион тонна деп бағаланып отыр. Бұл – Қытайдың Табиғи ресурстар министрлігі тіркеген геологиялық қоры 100 миллион тоннадан кем емес алғашқы тақтатасты мұнай кен орны
Тақтатас мұнайы – органикалық заттарға бай тақтатас қабаттарында түзілген мұнай ресурсы. Қытай Ғылым академиясының академигі Цзя Чэнцзао атап өткендей, тақтатас мұнайы – Қытайда шикі мұнай өндірісін тұрақтандыратын, арттыратын маңызды балама көз, ал мұнай қорының анықталған көлемі – қазіргі өндіріске дем беретін негізгі көрсеткіштердің бірі. Оның айтуынша, 2024 жылдың қаңтарында Қытайдың Табиғи ресурстар министрлігі «Тақтатас қабаттарындағы мұнай қорын есептеу стандартын» жариялаған, бұл саладағы ресурстарды басқарудың жаңа кезеңге – жүйелеу мен стандарттауға көшкенін көрсетті.
- 10 жылдан астам уақыт бойы жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесінде Шэнли мұнай кен орнында анықталған тақтатас мұнайының жалпы қоры 10,5 миллиард тоннаға жетті. Бұл – соңғы 60 жылдан бері анықталған дәстүрлі мұнай-газ қорының жалпы көлеміне тең көрсеткіш. Кешенді барлау және игеру жұмыстарының арқасында биыл Шэнли мұнай кен орнында қосымша 80 миллион тонна жаңа қор анықталуы мүмкін. Бұл Қытайдың тақтатас қабаттарындағы мұнай ресурстарын игеруге үлкен серпін береді, – деп атап өтті Синопек корпорациясының бас директорының көмекшісі және Шэнли мұнай басқармасының атқарушы директоры Сун Юнчжуан.
Айта кетейік, Алғашқы көміртек-14 ядролық батареясы Қытайда жасалды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<