Қытайда теміржол желісінің ұзындығы 165 мың шақырымға жетті

59

0

Фото: Синьхуа

Қытайда XIV бесжылдық бағдарлама кезеңінде (2021–2025 жж.) елдегі қолданыстағы теміржол желісінің жалпы ұзындығы 146,3 мың км-ден 165 мың км-ге дейін өсті, деп хабарлайды Синьхуа.

Қытай мемлекеттік теміржол корпорациясының (КМТК) деректеріне сәйкес, бұл 12,8%-дық өсімді көрсетеді.

Деректерге қарағанда, осы кезеңде Қытайдағы жоғары жылдамдықты теміржолдар (ЖЖТ) желісінің ұзындығы 37 900 км-ден 50 400 км-ге дейін өскен, бұл Қытайға әлемдегі ең үлкен ЖЖТ желісін құруға мүмкіндік берген.

Тек 2025 жылы теміржол секторына 901,5 млрд юань (шамамен 128,3 млрд АҚШ доллары) көлемінде инвестиция жасалып, жалпы ұзындығы 3 109 км жаңа теміржол желісі пайдалануға берілген, оның ішінде 2 862 км жоғары жылдамдықты теміржол.

Қытай 2026–2030 жылдарды қамтитын XV бесжылдық бағдарлама кезеңінде теміржол желісін одан әрі дамытуға ниетті. КМТК мәліметінше, 2030 жылға қарай елдегі барлық теміржол желісінің ұзындығы шамамен 180 мың км, оның ішінде шамамен 60 мың км жоғары жылдамдықты теміржол болуы жоспарланып отыр.

Бұған дейін 2025 жылы Tesla электромобильдер сатылымында қытайлық BYD-ден артта қалғанын жазғанбыз.