Қытайда жаппай наразылықтан кейін коронавирус шектеулері жеңілдеді

907

0

Өткен демалыс күндері бүкіл ел аумағында болған ковид шектеулеріне қарсы жаппай наразылықтан кейін Қытай билігі «нөлдік ковид» саясатын біршама жеңілдетуді шешті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Шанхай мен Гуанчжоудың ондаған ауданында, ауру жұқтырушылар өсімі байқалған қалаларда, сондай-ақ жаппай наразылық болған аймақтарда бейсенбіде шектеу шаралары алынып тасталды.

Сейсенбінің басында наразылық толқыны басталған Үрімші қаласында шектеулер ішінара алынған еді.

Ел астанасы Бейжіңде, Қытайдың ең ірі қаласы Шанхайда, сондай-ақ Нанкин, Чэнду, Ухань және басқа да жерлерде шеру болды.

Шеруге қатысушылар ұранның орнына қолына бос ақ қағаз ұстап шықты. Осылайша олар цензура тыйымдарын айналып өтуге тырысты.

Шектеулерге және «нөлдік ковид» саясатына қарсы ұрандар арасында ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің отставкаға кетуін сұраған өте ерекше саяси талаптар болды.

Кейбіреулер бұл оқиғаны «ақ қағаздар революциясы» деп атады.

Бұған дейін Қытай басшылығы «нөлдік ковид» қатаң саясатын ұстанды. Бұл кезде коронавирус жұқтыру жағдайларының көп болуына байланысты бүкіл миллиондаған қалалар кенеттен локдаунға жабылуы мүмкін еді.

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімші тұрғындарының айтуынша, дәл осы саясат өткен бейсенбіде көпқабатты үйлердің бірінде өрт шығып, адам өліміне себеп болған.

Өйткені бұл ғимараттың тұрғындарына пәтерден шығуға тыйым салынған екен. Өрт салдарынан 10 адам қаза тапты.

Соңғы күндері Қытайда пандемия басталғаннан бері коронавирус жұқтырудың рекордтық тәуліктік көрсеткіші тіркелді.

Сәрсенбіде бір тәулікте 36 мыңнан астам жағдай анықталған.

Пандемия басталғалы бері Қытайда ресми мәлімет бойынша 5200 адам қайтыс болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<