Қытайдың тұңғыш ірі круиз лайнері бортына 150 мың турист қабылдады

379

0

Фото: Синьхуа

Қытайдың Adora Magic City компаниясы өндірген тұңғыш ірі круиз лайнері өзінің 37 рейсін орындап, бортына 150 мың турист қабылдады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады. 

Алып кеме алғашқы рейске жылдың басында аттанып, бірден саяхатшылардың жүрегін жаулады. «Дуаньу» айдаһар қайықтарының мерекесі қарсаңында Adora Magic City круиз лайнері 4  мың туристі қабылдап, шанхайлық халықаралық Усункоу круиз терминалына бағыт алды. 

Су сыйымдылығы 135,5 мың тонна круиз лайнерінің ұзындығы – 323,6 м. Бортта барлығы 2 125 қонақ кабинасы бар, олар 5246 жолаушыны қабылдай алады. 

«Қалқып жүрген алтын индустрия» атанған аталмыш алып кеме ұзын өнеркәсіптік тізбегімен сондай-ақ жоғары интернационалдану дәрежесімен ерекшеленеді. Adora Magic City круиздік кемесінің құрылысына 1 мыңнан астам қытайлық және шетелдік өндірушілер тартылған.

Осы жылдың 20 сәуірінде Қытайда жасалған екінші ірі круиздік кеме құрастыру жұмыстарының соңғы бөлшектерін жасату үшін Шанхай верфіне кірді, бұл Қытайдың круиздік кемелерді жаппай өндіру мүмкіндігін сәтті дамытқанын көрсетеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<