Қызыл кітапқа енген аю фототұзаққа түсіп қалды

560

0

Фото: instagram.com/altynemel_np

«Алтын-Емел» ұлттық паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалды.

Бұл туралы ақпарат «Алтын – Емел» табиғи паркінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

Ұлттық парктен мәлім еткендей, 2023 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі Зоология институтының зоолог мамандарының көмегімен, WWF (Дүниежүзілік табиғатты қорғау қоры) қаражаты есебінен «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Дегерес тауында суды үнемдеу және жабайы аң-құстарды сумен қамтамасыз ету мақсатында автоматты түрде науаға су құйылып тұратын көлемі 3 тонна ыдыс орнатылған.

«Осы суатқа МҰТП-ң ғылыми, ақпараттық және мониторинг бөлімінің қызметкерлерінің зерттеу жұмыстарының барысында орнатылған фототұзаққа Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы келіп су ішкені туралы бейне жазбалары түсірілген», – делінген жазбада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<