Қызылорда әуежайынан жаңа әуе бағыттары ашылды

383

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Құрметті Қызылордалықтар және қала қонақтары! 2025 жылдың 1 мамырынан бастап «Южное небо» әуекомпаниясы Шымкент-Қызылорда-Ақтөбе – Орал қалаларына жаңа әуе бағыттарын ашады. Бұл бағыттар сіздерге ыңғайлы әрі жылдам саяхат жасау мүмкіндігін ұсынады.

Рейстердің кестесі:

• Шымкент-Қызылорда-Ақтөбе-Орал: сәрсенбі және жексенбі күндері аптасына 2 рет

• Орал-Ақтөбе-Қызылорда-Шымкент: дүйсенбі және бейсенбі күндері аптасына 2 рет

Билеттерді «Южное небо» әуекомпаниясының ресми веб-сайтынан, сондай-ақ билет сататын операторлардан және авиакассалардан сатып алуға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<