Қызылорда: Айтта спорттық сайыстар өтті

4

0

Фото: Ақмешіт-Сырдария мешіті

Ұлық мереке – Ораза Айт мейрамына орай Сыр мешіттерінде ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізілді.

Айт намазын оқуға келген жамағат намаздан соң алдымен мерекелік дастарханнан дәм татып, «қазақша күрес», «садақ ату», «асық ату», ләңгі тебу», «қол күрес», «гір көтеру», «арқан тарту», «түрнекке тартылу» секілді спорт түрлерінен бақ сынасты.

Қызылорда: Айтта спорттық сайыстар өтті

Берекелі мерекеде ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, дәстүрімізді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған игі шаралардың нәтижесінде жеңімпаздар алғыс хаттармен және арнайы дайындалған сыйлықтармен марапатталды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі