Қызылорда облыстық әділет департаментінің басшысы тағайындалды

7

0

Фото: Қызылорда облыстық әділет департаменті

Әділет министрлігі аппарат басшысының бұйрығына сәйкес Баукен Әлмеш Қызылорда облыстық әділет департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды

Баукен Серікұлы 1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан құқық және салалық технологиялар колледжін, 2012 жылы Қарағанды экономикалық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаментінде іс жүргізуші қызметінен бастаған. Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаментінде, Шымкент қалалық және аудандық әділет басқармаларында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

Тіркеу, зияткерлік меншік құқығы, құқықтық түсіндіру және заң көмегін көрсету салаларында тәжірибе жинаған. 2017-2019 жылдары Алматы облыстық әділет департаментіне қарасты Ескелді аудандық әділет басқармасын басқарды. 2019-2023 жылдары Қызылорда облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары болды. 

2023 жылдан бастап бүгінге дейін Ақмола облыстық әділет департаментінің басшысы лауазымын атқарды. 

Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр.

Бұған дейін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыс активіне жаңадан құрылған облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Сабит Ибадулланы таныстырды.