Қызылорда облысында «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы жүргізілуде. Бұл бағытта әрбір отандық байланыс операторларымен бірлескен жұмыстар нәтижесінде Жол картасы бекітілген.
Бүгін облыс әкімдігінде елді мекендердегі байланыс және интернет сапасын арттыру бойынша «Кар-Тел» компаниясының мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі өңірлік өкіл Әмір Болатұлымен кездесу өткізілді.
Жиында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерлан Бакиров пен цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Сабит Ибадулла, Ақпараттық технологиялар орталығының өкілдері ортақ мәселелерді талқылады.
«Кар-Тел» компаниясының Қызылорда облыстық филиалы техникалық бөлімінің басшысы Юрий Вакуленко биыл «Beeline» операторы 10 елді мекенде байланыс сапасын арттыру жұмыстары жүргізілетінін және Қызылорда қаласында анықталған 30-ға жуық байланысы нашар координаттары бойынша жаңадан базалық стансалар орнатылатынын жеткізді.
Кездесу барысында республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын мобильді байланыс және интернетпен қамтамасыз ету мәселесі де талқыланды.
Алдағы 2 жылда Ұлттық жоба аясында Қызылорда облысының республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында «Кселл» операторы 9 антенна-діңгек құрылысын салуды жоспарлады. Бұл бағытта «Beeline» операторына да байланыспен қамту ұсынылды.
Айта кетейік, 22 ақпан күні Қызылорда облысында «Кар-Тел» компаниясының Бас директорымен іскерлік кездесу өткізу жоспарланды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<