Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
«ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша агенттік төрағасының бұйрығымен Кенес Аслан Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды» делінген хабарламада.
Кенес Аслан бұған дейін Орталық аппараттың Департамент басшысының орынбасары қызметін атқарған.






