Қызылорда облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына жаңа басшы тағайындалды

656

0

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жаңа басшысы тағайындалды.

Бұл қызметке Бекболат Шәріпбеков келді.Бекболат Шәріпбеков 1973 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын «агроөнеркәсіп салаларын басқару және оның экономикасы» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 1990 жылы «Келінтөбе» күріш кеңшарының жұмысшысы болып бастаған.

1999-2010 жылдары Келінтөбе ауылдық округі әкімі аппаратында, Жаңақорған ауданы және Түркістан қаласы бойынша салық комитеттерінде түрлі деңгейдегі лауазымдарда қызмет атқарған.

2010-2018 жылдары Қызылорда облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бас маманы-мемлекеттік аудиторы, бөлім басшысы-мемлекеттік аудиторы болған.

2018-2020 жылдары Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі болса, 2020-2022 жылдары Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы қызметін атқарды.2022 жылдың шілде айынан бастап осы кезге дейін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<