Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен мәжілісте 2024 жылдың қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.
Үкімет отырысында жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Қаржы министрі Мәди Такиев және Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов ант берді.
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың баяндауынша, есепті кезеңде Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,9% құрады. Аймақтар арасында ең үлкен өсім Сыр өңірінде тіркелді.
Бірінші айдың қорытындысын өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда құрылыс саласындағы өсім 210,9%, тұрғын үйді пайдалануға беруде 127,3%, өңдеу өнеркәсібі саласы мен жеке инвестициялар бойынша 122,1% болды.
Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы мәжіліс өткізіп, мән-жайды нақтылап, тиісті тапсырмалар берді.
Аймақ басшысы алғашқы ай қорытындысымен даму қарқыны баяулаған салаларда жұмысты жандандыруды тапсырып, бюджет қаражатын игере алмаған басшылар жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<