Сурет ашық дереккөз
Қызылорда облысында нағашысының үйіне қыдырып барған 2 жасар сәби құдыққа құлап, мерт болды.
24 наурызда Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына хабарлама келіп түсті.
«Онда Жаңақорған ауданына қарасты Қандөз ауылындағы тұрғын үйде су алатын құдыққа 2021 жылы туған сәби құлап кетіп, қаза болғаны айтылған.
Ол Түркістан облысы, Сауран ауданы, Балтакөл елді мекенінен нағашысының үйіне анасымен бірге қонаққа келген», – деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.
Бұдан бұрын Қызылордада тағы бір қайғылы жағдай орын алған еді. Жер үйде болған өрттен 48 жастағы ер адам көз жұмды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<