Қызылордада 20 жастағы жігіт Сырдария өзеніне батып кетті

488

0

Қызылорда облысында 20 жастағы жігіт Сырдария өзеніне батып кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі.

Оқиға 29 маусым сағат 18:30 шамасында Қармақшы ауданы 102-ші разьезд тұсында болды.

Төтенше жағдайлар қызметіне 20 жастағы бозбаланың сол аумақтағы Сырдария өзеніне батып кеткені жөнінде хабар түсті.

Қызылордада 20 жастағы жігіт Сырдария өзеніне батып кетті

«Аталған шақырту бойынша Арал ауданы Қамыстыбас елді мекенінде орналасқан құтқару бөлімшесінен 4 құтқарушы, бір техника, үрлемелі қайық және 2 жинақ сүңгуір жабдығымен жұмылдырылды. Суға батқан азамат 2003 жылы туған, Қармақшы ауданы Ақай ауылында тұратыны белгілі болды. Жас жігіт «Болашақ» университетінің екінші курсында оқып жүрген. Сүңгуірлер 22.35-те іздестіру жұмысын аяқтады. Бұл жолы ешқандай нәтиже болған жоқ. Бүгін, 30 маусым күні 4.35-те іздестіру жұмыстары қайта жалғасты», – деді ведомствоның баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері облыста 16 адам суға кеткен.

Еске сала кетейік, Қызылордада жыл басынан бері 248 өрт оқиғасы тіркелді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<