Қызылорда облысында 218 миллион теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

270

0

Сурет: pexels

Қызылорда облысында жалпы кадастрлық құны 218 миллион теңгені құрайтын инвесторларға заңсыз берілген жер телімдері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысының прокуратура органдары жер қатынастары саласында жасалған талдаулар нәтижесінде 14 ұсыну, 1 наразылық енгізді.

Тәртіптік жауаптылыққа 37 тұлға тартылып, 270 үлескердің құқығы қорғалып, 49 акт заңға сәйкестендірілді.

Жерді сатып алу шарттары бойынша жер иеленушілердің төлемеген 25 млн. теңгесі бюджетке өндірілді.

Сонымен қатар кадастрлық құны 218 млн теңгені құрайтын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды.

Атап айтқанда, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен (бұдан әрі – ӘКК) бірлескен жобамен құрылып, жүзеге асырылмаған инвестициялық жоба бойынша құны 115 млн теңге құрайтын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Сол сияқты Сырдария ауданы прокуратурасы заңсыз табысталған кәсіпкерлік мақсаттағы кадастрлық құны 21,8 млн теңге 6 га жер учаскесін мемлекетке қайтарды.

Одан бөлек, прокуратура органдары пайдаланылмайтын жерлерді анықтау және шаралар қабылдау жөнінде уәкілетті органдардың жұмысын бақылауда.

Жер кодексіне сәйкес пайдаланылмайтын жерлерді анықтау қала, аудан әкімдіктерінің жер саласындағы уәкілетті органының құзыретіне жатады.

Бұл бағытта жұмыстар қарқынды жүргізілмеуіне байланысты прокуратураның бастамасымен 602,3 гектар 360 игерілмеген кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелері анықталды.

Нәтижесінде Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментіне ұсыну енгізіліп, бүгінгі күнге 150 жер учаскесіне қатысты нұсқама беріліп, мәжбүрлеп мемлекетке қайтару бағытында шаралар қабылдануда.

Сонымен қатар ауылшаруашылығы мақсатындағы жайылымдық жерлердің игерілу жағдайына аса назар аударылды.

Бұл бағытта облыстың прокуратура органдары жергілікті әкімдіктермен бірлесіп пайдаланылмайтын жайылымдық жерлерді анықтау мақсатында жұмысшы топтарын құрды.

Облыс бойынша елді мекеннің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде облыстың прокуратура органдары 138 мың га 133 жайылымдық жер учаскесінің игерілмегенін анықтап, қадағалау актілерін енгізді.

Кадастрлық құны 80 млн теңге құрайтын 41 мың га 54 жер учаскесі қайтарылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<