Қызылорда облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды

668

0

Қызылорда қаласы аумағында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін, 14 шілде сағат 7.00 шамасында Қызылорда қаласына қарасты Баймұрат ауылы аумағында болған.

«Шымкент-Самара» тасжолы бойында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Автобустың бір жолаушысы медициналық мекемеде көз жұмды. Автобус жүргізушісі және 3 жолаушысы дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

«Оның біреуіне алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<