Қызылорда облысы Арал ауданында автокөлік МАИ көлігімен соғысып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға 7 наурызда Арал қаласындағы Абай көшесінің бойында болған.
«Автокөлік кептелісі салдарынан жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жинақталған құжаттар зерделеніп, тиісті сараптамалар тағайындалуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінше, адам шығыны және жарақат алғандар жоқ.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жол-көлік оқиғасынан көлік ішінде қысылып қалған адам құтқарылды.
40 жастағы азамат жедел жәрдем мамандарына тапсырылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<