ҚазАвтоЖол Қызылорда облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
— 2025 жылғы 24 желтоқсан сағат 06:00–де ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1522-1806 шақырым аралығындағы учаскесінде (№ 99 станциясынан Қызылорда қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.
Жолды бүгін сағат 12:00–де ашу жоспарланған. Еске салайық, тәулік бойы қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығына хабарласып, алуға болады.
Бұған дейін Ақмола және Қарағанды облыстарында республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түріне енгізілген шектеу алынып, қозғалыс қалпына келтірілді.






