Қызылорда облысында азық-түлік бағасы бақылауда

787

0

Сурет: өңірлік коммуникациялар қызметі

Қызылорда облысы бойынша азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссияның отырысы жоспарға сәйкес аптасына 2 рет өткізіледі.

Жылдың басынан бері комиссияның 91 отырысы ұйымдастырылып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, артық делдалдарды жою, негізсіз баға өсіміне жол бермеу мәселелері қаралған.

Кезекті отырысы көшпелі форматта қаладағы ірі сауда нысандарында өткізілді. Комиссия жұмысына облыстың ірі сауда нысандарының басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Қожаниязовтың төрағалығымен бастаған комиссия мүшелері ең алдымен «Small» сауда үйіне барып, дүкен сөрелеріндегі азық-түлік тауарларының бағалары, қамтамасыз ету жағдайымен танысты.

Кәсіпкерлер өнімдердің қай жақтан келетінін айтып бағаның тұрақты екендігін жеткізді.

Одан соң, «Қызылорда» сауда желісінің Шұғыла мөлтек ауданында орналасқан сауда үйіндегі ӘМАТ өнімдерінің бағаларымен танысты.

Көшпелі отырыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен баға белгілеудегі мәселелер кеңінен қаралып, комиссия құрамындағы құзырлы мемлекеттік орган басшыларының жұмыс барысы тыңдалды.

Жыл басынан бері комиссия жұмысы барысында құзырлы мемлекеттік органдармен күріш, басты пияз және ас тұзы өнімдері бойынша бұзушылықтар анықталып, оны жою мақсатында тиісті шаралар қабылданған.

«Президент жыл соңына дейін инфляцияны 2 есе төмендету міндетін қойды. Қазіргі таңда сол тапсырманың шеңберінде тиісті шаралар қабылданып, нәтижесінде өткен жылдың сәйкесінше кезеніңде әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарлары бағаларына өсу индексі 22,4%-ды құраған болса, ағымдағы жылдың қараша айындағы әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарларының өсу индексі 3,2%-ды құрап отыр. Облыс халқын қысқы маусымаралық кезеңінде көкөніс тауарларының 3 айлық қажеттілігінің 30%-ын қамтамасыз ету үшін 4952 тонна көкөніс өнімдеріне жасалған келісімшарттары бойынша биыл бірінші рет облыс әкімінің бастамасымен 1291 тонна көкөніс өніміне жергілікті тауарөндірушілермен форвардтық келісім шарттар жасалды. Облыста нан бағасын тұрақтандыру мақсатында өзге өңірлердің ұн өндіруші кәсіпорындарымен жыл басынан 7480 тонна ұнмен қамтамасыз ету жөнінде келісімшартқа отырдық. Бүгінгі күнге осы көлемнен 5277,6 тоннасы облысқа жеткізіліп, наубайханаларға таратылып жатса, 2202,4 тоннасы жеткізілу үстінде.

Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің көктемгі егіс жұмыстарын қолдап, алдын-ала қаржыландыру мақсатында „Азық-түлік келісім шарт корпорациясы“ ҰК» АҚ-мен 6 мың тонна күзгі өнімге форвардтық келісімшарттар жасалды. Сондай-ақ, республика көлемінде күріш бағасын реттеу және өңірлердегі өңірлік-кәсіпкерлік корпорацияларды қажетті күріш көлемімен қамтамасыз ету мақсатында күріш жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Өткізілген күріш жәрмеңкесінің қорытындысымен өңірлердің ӘКК мен облыстың күріш өңдеушілерімен нақты 3,9 млрд теңгенің 9738 тоннаға 14 облыс пен мен Алматы, Шымкент қалаларымен (алдын ала 70% қаржыландыру шартымен) форвардтық келісім шарттар жасалды. Өзіміздің әлеуметтік дүкендері мен ірі сауда үйлерінде жұмыс жасап тұрған әлеуметтік бұрыштарда күрішті 390-400 теңге аралығында күріш босатудамыз. ​Сондай-ақ, облысты 2354,3 тонна қант көлемімен қамтамасыз ету үшін «Мерке қант зауытына 1 083,0 млн. теңге қарыз беріліп, бүгінде бұл көлемнен 204 тоннасы жеткізілді. Ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің өнімдерін делдалсыз, тікелей өндіруші бағасымен облыс тұрғындарына ұсыну мақсатында қыркүйек айынан бастап апта сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілуде. ​Тұрақтандыру қорындағы сақтау қоймаларының көлемін ұлғайтып келе жатырмыз. Әрі қарай үкіметтің көмегімен тұрақтандыру қорындағы өнімнің көлемін көбейту арқылы ӘМАТ бағасын тұрақтандыру бағытындағы жұмыс жалғасады», — деді Серік Салауатұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<