Қызылорда облысында белгісіз заттан уланған екі адам қайтыс болды

859

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысында «Казспекторстрой» ЖШС екі қызметкері белгісіз заттан улану салдарынан қайтыс болды.

Оқиға 3 ақпанда Қызылорда облысында «Саутс-ойл» ЖШС қосалқы мердігері «Казспекторстрой» ЖШС-де болды.

«Серіктестікте еңбек ететін екі қызметкер алдын ала мәліметтерге сәйкес «белгісіз заттан улану салдарынан туындаған жүрек жетіспеушілігі» салдарынан қайтыс болды деген диагноз қойылды. Қаза болу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Онда санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу жағдайы көрсетілген. Бұл бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, тиісті сапартамалар тағайындалған. Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тексеру жұмыстары жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<