Қызылорда облысы Арал ауданында доңғалағы жарылған жеңіл көлік көше ортасында аударылып қалды.
Оқиға, 15 маусымда сағат 14:00 шамасында Арал қаласында болды.
«Аудан орталығындағы Каюпов көшесінің бойында жергілікті тұрғынның «BMW 520» маркалы автокөлігінің оң жақ алдыңғы доңғалағы жарылған. Салдарынан ол рульге ие бола алмай қалған. Осыған сәйкес ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексімен шара көріліп, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп мәлім етті Арал аудандық полиция бөлімінен.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<