Елімізде қылмыс 11 пайызға төмендеді

831

0

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Бас прокуратура елімізде қылмыс санының төмендегенін мәлім еттті, деп хабарлайды Kazinform.

«Қазақстанда қылмыстың 11 пайызға (152 472 – 140 272) төмендеуі байқалуда. Оның ішінде ауыр қылмыстар 14,9 (44 106 – 37 548); ауырлығы орташа қылмыстар 12,6 (67 340 – 58 874); онша ауыр емес қылмыстар 4 пайызға (22 741 – 21 826) қысқарды. Аса ауыр қылмыстар 15,7 пайызға (2 241 – 2 593) өсті. Тергеуді қадағалау аясында прокурорлар 254 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатты», – делінген ведомство мәліметінде.

Бас прокуратура ұсынған деректерге сәйкес, 824 адам прокурорлар тарапынан қызметтік үй-жайлар (449) мен изоляторлардан (375 ИВС) босатылды. Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу саны 22,7 пайызға (578-ден 447-ге) қысқарды. 97 тұлға сотпен ақталды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<