Қызылорда облысында есірткі қылмысы бойынша 60 есепшот бұғатталды

51

0

Фото: Қызылорда облыстық полицияға департаменті

Қызылорда облыстық полиция департаменті 1-15 наурыз күндері аралығында есірткінің заңсыз айналымына қарсы кешенді жұмыс атқарды.

Жедел профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде 11 құқықбұзушылық анықталды. Оның 3-еуі есірткі өткізуге байланысты болса, 8 дерек теріс қылық ретінде тіркелді. Тәртіп сақшылары прокурорлармен бірге есірткіні заңсыз жарнамалау фактілерін анықтауға күш салды.

– Қылмыстық істер аясында екінші деңгейлі банктердегі 60 есепшот «Антифрод» жүйесі арқылы бұғатталды. «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесі арқылы синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 40 сайт анықталып, бұғатталды. Нашақорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыс үшін 2026 жылға жергілікті бюджеттен 20 млн теңге бөлінді. 50 іс-шара ұйымдастырылып, оған 1 800-ден астам жасөспірім, ата-ана, педагог тартылды, – делінген хабарламада.

Бұған дейін біз Петропавлда полицейлер есірткі өткізумен айналысты деген күдікке ілінген 39 жастағы тұрғынды ұстағанын жазған едік.