Қызылорда облысында газ құбырларын ұрлаған күдіктілер қолға түсті

528

0

Сурет: Zakon.kz

Қызылорда облысы ПД-ның Шиелі аудандық полиция бөліміне ұрлық жөнінде арыз түскен. Белгісіз біреулер мекемеге тиесілі 3 метрден кесілген 54 газ құбырын ұрлап кеткен.

Мекемеге жалпы 5 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілді.

Полицейлермен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар екі күдікті азамат анықталып, ұсталды.

Ұрлық жасаған аудан тұрғындары болып шықты. Ұрланған құбырлар заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілердің облыс аумағында болған осы тектес басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<