Қызылорда облысында кадастрлық құны 218 млн теңге жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

416

0

Фото: Виктор Федюнин/ҚазАқпарат ХАА

Қызылорда облыстық прокуратурасы тарапынан жүргізілген жұмыс нәтижесінде кадастрлық құны 218 млн теңге болатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысының прокуратура органдары жер қатынастары саласында жасалған талдау нәтижесінде 14 ұсыну, 1 наразылық енгізді. Тәртіптік жауаптылыққа 37 адам тартылды. Сондай-ақ 270 үлескердің құқығы қорғалып, 49 акт заңға сәйкестендірілді.

Жерді сатып алу шарты бойынша жер иеленушілердің төлемеген 25 млн теңгесі бюджетке өндірілді. Кадастрлық құны 218 млн теңге жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

«Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен (бұдан әрі – ӘКК) бірлескен жобамен құрылды. Жүзеге асырылмаған инвестициялық жоба бойынша құны 115 млн теңге жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Сол сияқты Сырдария ауданы прокуратурасы заңсыз табысталған кәсіпкерлік мақсаттағы кадастрлық құны 21,8 млн теңге 6 гектар жер учаскесін мемлекетке қайтарды. Одан бөлек, прокуратура органдары пайдаланылмайтын жерлерді анықтау және шаралар қабылдау жөнінде уәкілетті органдардың жұмысын бақылауда. Жер кодексіне сәйкес пайдаланылмайтын жерлерді анықтау қала, аудан әкімдіктерінің жер саласындағы уәкілетті органының құзыретіне жатады», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасынан.

Бұл бағытта жұмыстар қарқынды жүргізілмеуіне байланысты прокуратураның бастамасымен 602,3 гектар 360 игерілмеген кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелері анықталды. Нәтижесінде Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментіне ұсыну енгізілген.

150 жер учаскесіне қатысты нұсқама беріліп, мәжбүрлеп мемлекетке қайтару бағытында шаралар қабылданып жатыр. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылымдық жердің игерілу жағдайына баса назар аударылды.

«Бұл бағытта облыстың прокуратура органдары жергілікті әкімдіктермен бірлесіп пайдаланылмайтын жайылымдық жерді анықтау мақсатында жұмыс топтарын құрды. Облыс бойынша елді мекеннің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы жылдың өткен мерзімінде облыстың прокуратура органдары 138 мың га 133 жайылымдық жер учаскесінің игерілмегенін анықтап, қадағалау актілерін енгізді. Кадастрлық құны 80 млн теңге болатын 41 мың га 54 жер учаскесі қайтарылды. Сол сияқты жергілікті атқарушы органдармен жайылымдық жердің жетіспеушілігі дұрыс айқындалмағаны анықталды. Прокуратураның бастамасымен әкімдіктер жайылымдық жерлерге түгендеу жүргізіп, нәтижесінде жайылым жетіспеушілігі 1,4 млн гектардан 530 мың гектарға (63 пайыз) азайды», – деп атап өтті ведомстводан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<