Қызылорда облысында көлік түйені қағып кеткен, бір адам қаза болды

702

0

Қызылорда облысында көлік түйені қағып кетіп, бір адам қаза тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Polisia.kz мәліметінше, 16 желтоқсанда Қызылорда-Жалағаш тасжолында Сырдария ауданы аумағында Mazda 626 автокөлігі түйені қағып кеткен. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 3-бөлігімен соталды тергеп-тексеру әрекеттері басталды.

Жол апаты салдарынан 1 адам көз жұмды, 1 адам ауруханаға жатқызылды.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<