Қызылорда облысында өрттен 100 бау шөп жанып кетті

442

0

Фото: Қызылорда облыстық ТЖД

Қызылорда облысында өрттен 100 бау шөп жанып кетті.

Төтенше жағдайлар қызметіне 14 маусымда 14.24-те Шиелі ауданы Отырар көшесі №3 мекенжайында мал қора жанып жатқаны жөнінде хабарлама келіп түскен. 

«Өрт сөндірушілер оқиға орнында ауданы 5х10 метр мал қора жанып жатқанын анықтады. Оның ішінде 1 уақ мал қалып қойған. Оған қоса 100 бау шөп жанған. Өрт 14.45-те толықтай сөндірілді. Өрттің шығыны мен шығу себебі анықталып жатыр», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында көше бойында тұрған жеңіл көлік толығымен өртеніп кетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<