Қызылорда облысында пара алған басшының қылмысы әшкере болды

901

0

Қызылорда облысында полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысы пара алды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті облыстық полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, өңірдегі полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау барысында әшкереледі. Ол есірткі құралдарын өндіру кезінде қамқорлығы үшін 500 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді», – делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР қылмыстық-процестік кодексi 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін іске қатысты өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<