Қызылорда облысында құтқарушылар шұңқырға түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

390

0

Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Қызылорда облысында жылқысы шұңқырға түсіп кеткен тұрғын құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, құтқарушылар жылқыны шұңқырдан аман алып шығарды.

«23 наурыз күні Қызылорда қаласының «ПМК-29» саяжайындағы «Керуен» демалыс орны маңындағы арыққа жылқы құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, құтқару арқанын пайдаланып, жылқыны арықтан алып шықты. Жылқы иесі құтқарушыларға алғысын білдірді. Бізге әрбір өмір маңызды!»,-делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<