Қызылорда облысында қуаттылығы жылына 300 тонна болатын тұқы шаруашылығы іске қосылды

548

0

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақстан өңірлерінде балық шаруашылығы белсенді дамып келеді.
Қызылорда облысының Арал ауданында тұқы өсіретін тоған балық шаруашылығы құрылды.
«Арал Рыбторг» ЖШС басшысы Қуаныш Өмірзақов қазіргі уақытта 15 гектар аумақтағы 4 тоғанда балық жіберу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Маусым айында 7 млн 700 дана тұқы балықтары жіберілді. Күзге дейін тоғандардың ауданы 25 гектарға дейін ұлғайтылады, содан кейін қуаттылығы жылына 15-20 миллион шабаққа арналған инкубациялық цехты орнату жұмыстары басталады. Тауарлы балықтың алғашқы партиясын 2025 жылы алуды жоспарлап отырмыз», – деді Қуаныш Өмірзақов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<