Қызылорда облысында сирек кездесетін жыртқыш аң – қара құлақты қаскөйлер атып тастаған

266

0

Сурет: pixabay

26 шілдеде әлеуметтік желіде Қызылорда облысында Қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін жануар қара құлақтың өліп жатқан видеосы тарады. Оны қаскүнемдер атып тастаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео Instagram-да тарады.

«Бұл сирек кездесетін жыртқыш сүтқоректілер санатына жатады. Жануар жойылып кету алдында тұр. Қара құлақтың тағы бір атауы – дала сілеусіні», делінген жазбада.

Бұл жайт желі қолданушыларының басым бөлігінің ашуын туғызды.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін өңірдің ПД баспасөз қызметіне жүгінді. Полицияның айтуынша, қазір бұл факт бойынша тексеру жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<