Қызылорда облысында су тасқыны кезеңі аяқталды

146

0

Фото: ТЖМ

ТЖМ Қызылорда облысында су тасқыны кезеңі аяқталды деп хабарлайды Syrboyi.kz     сайты KAZINFORM ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Бүгін, 20 наурызда Қызылорда облысында су тасқыны кезеңі ресми түрде аяқталды. Сырдария өзені мұздан толығымен тазартылды, яғни сеңнің жүруі Кіші Арал теңізіне жетті, – деп мәлімдеді ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда су торабынан Кіші Аралға дейінгі қашықтық 744 шақырымды құрайды. Мұз осы жолды сыни жағдайларды тудырмай, еңсерді.

Облыста өзендегі су деңгейінің мониторингі жалғасуда.

– Тұрғындарға су қоймаларының жанында қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынамыз, – деп толықтырды ТЖМ-нан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<