Қызылорда облысында тағы да ірі есірткі алқабы жойылды

136

0

Фото: Полиция департаменті

«Қарасора-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ҚР ІІМ ЕҚҚІҚД және Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бірлесіп, Сырдария ауданының далалық жерінде ірі есірткі алқабын анықтады.

Оқиға орнында 22 жастағы екі тұрғын ұсталды. Тексеру барысында жедел-тергеу тобы құрамында есірткі бар өсімдіктердің 1237 түбін анықтады.

Полицейлермен оқиға орнында ірі есірткі алқабынан бөлек ыдыс-аяқтар, есірткі затын өсіруге және тұтынуға арналған құрал-саймандар: шланг, су айдауға арналған мотор, бензин, қапқа салынған тынайтқыш және патрондарымен 16 калибрлі қос ауызды тіркеуде жоқ аңшы мылтығы анықталды.

Сонымен қатар, 1237 түп сораның жалпы салмағы сараптама қорытындысына сәйкес 503 кг. болып шықты.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілді.

Қылмыстық іс сотта қаралып, айыпталушылар өзінің кінәсін мойындады. Олар кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<