Қызылорда облысында тұрғындарының саны азайған 7 елді мекен таратылады

316

0

Фото: syrboyi.kz

Қызылорда облысының Арал және Шиелі аудандарындағы 7 елді мекен іргелес ауылдардың құрамына қосылмақ.

Құжатта халық саны аз елді мекендерді біріктіру көзделгені жазылған.

«Қызылорда облысының мына елді мекендері таратылып, жақын орналасқан елді мекендер құрамына енгізілсін», – деп жазылған облыс әкімі қаулысының жобасында.

Сонымен, Арал ауданындағы Аққұм ауылдық округінің Күршек ауылы Шижаға ауылының құрамына енгізілмек.

Ал Шиелі ауданындағы Сұлутөбе ауылдық округінің 16-бекет елді мекенін Сұлутөбе ауылының құрамына енгізу ұсынылып отыр.

Осы аудандағы Тартоғай ауылдық округінің Ферма 2, Кірпіш зауыты және 18-бекет елді мекендері Тартоғай ауылының құрамына кіреді.

Алмалы ауылдық округінің 20-сыншы бекет елді мекені Алмалы ауылының құрамына енгізілмек.

Бәйтерек ауылдық округінің Ақтам ауылы Бидайкөл ауылының құрамына қосылады.

«Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», – делінген құжатты.

Қаулы жобасы 2 тамызға дейін көпшілік талқылауында болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<