Қызылорда облысында тұрғыннан сора өсімдігі тәркіленді

422

0

Сурет: pixabay

Қызылорда облысында 59 түп сора өсімдігін еккен аудан тұрғыны құрықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы жылдың 1 маусым – 31 қазан аралығында республика көлемінде «Қарасора-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі өсірген аудан тұрғынын ұстады.

Жүргізілген жедел жұмыстар нәтижесінде күдіктінің ауласынан 59 түп сора өсімдігі анықталып, айғақ зат ретінде тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттар жалпы салмағы 2 келі 362 грамм екендігі анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<