Қызылорда облысында үшем дүниеге келді

580

0

Фото: Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Қызылордалық 28 жастағы Ақбота Әбсаттар үшем дүниеге алып келді. Оның 1-і ұл бала болса, 2-і қыз бала, деп хабарлайды Kazinform.

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында 2023 жылдың 8 желтоқсан күні үшем дүниеге келді.

Нәрестерлер анасының жүктілігінің 33-ші аптасында өмір есігін ашты.

Қызылорда қаласында тұратын 28 жастағы Ақбота Әбсаттар мен 30 жастағы Нұрсұлтан Қазбек санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласында қызмет атқарады.

Қызылорда облысында үшем дүниеге келді

Олардың бұдан бөлек 2 жасар Жантөре атты ұлы бар.

Нәрестелердің дүниеге келгендегі салмағы — 1830, 1670, 1200 грамм болды. Нәрестелер бірнеше минут айырмашылықпен дүниеге келді.

Шақалақтар 1 айға жуық облыстық перинаталдық орталығы дәрігерлердің жіті бақылауында болып, тұрақты ем қабылдады.

Қазіргі таңда сәбилердің және анасының жағдайы жақсы. Нәрестелердің есімін ата-әжесі Әлинұр, Адина, Медина деп қойды.

Абсаттар Ақбота өзінің жүктілігі туралы 6-шы аптада білген. Дәрігерлер алғашқы тексеруде егіздер болуы мүмкін екенін болжаса, 8-ші аптада үшем екенін растады.

«Бұл мен үшін күтпеген жаңалық болды. Жүктілік қалай өтеді екен, балалардың дамуы, жетілуі қалай болады екен деп уайымдадым», — дейді Ақбота Әбсаттар.

Айта кетсек, облыстық перинаталдық орталығында былтыр 11 010 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде 151-і егіз болса, 3-і үшем. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<