Қызылорда облысында жедел жәрдем көлігін мас күйде тізгіндеген жүргізуші ұсталды

900

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысы Арал ауданында жедел жәрдем жүргізушісі 15 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол мас күйде көлік басқарған. Самара-Шымкент тасжолында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде ол қолға түсті.

Құжаттарды тексеру барысында өзін біртүрлі ұстаған жүргізушінің әрекеті полицейлерге күдікті көрінген. Медициналық куәландыру оның масаң күйде болғанын көрсетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<