Қызылорда облысында жүк көліктері соқтығысып, бір адам қаза болды

667

0

Сурет ашық дереккөзден

Қызылорда облысында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза болды.

Оқиға 25 мамырда сағат 2:10 шамасында «Самара-Шымкент» тас жолының 1463-шақырымында болды. Бұл Қазалы ауданының аралығын қамтиды.

«Оқиға барысында DAF үлгісіндегі жүк көлігі қарама-қарсы бағытта келе жатқан «Volvo» маркалы жүк көлігіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 2 адам ауруханаға жеткізілді. Біреуі аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жүк көлігі қаққан жасөспірім қыз оқиға орнында көз жұмды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<