Фото: instagram.com/railway_1520
«Қазақстан темір жолы» компаниясы Қызылорда облысы аумағында жүк пойызы локомотивінің өртену себебін анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Осы жылдың 16 мамырында Қызылорда-Жосалы учаскесінде жүк пойызының локомотиві өртенді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт аудандық өртке қарсы қызмет күшімен жедел түрде өшірілді», – деп атап өтеді «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметінен.
Компания мәліметінше, оқиға орнына қосалқы локомотив жіберілген.
Өрттің шығу себептерін анықтау жұмысы жүріп жатыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<