Қызылорда облысындағы түрмеде ашық есік күні өтті

1023

0

Қызылорда облысы прокуратурасы және ҚАЖ департаментінің ұйымдастыруымен департаментке қарасты №60 мекемесінде ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауқымды өткізілген іс-шараға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және қаладағы шағын орта кәсіпкерлік субьектілері қатысты. Өткізілген іс-шараның мақсаты – жеке кәсіпкерлер арқылы мекеменің өндіріс аймағынан әртүрлі жұмыс көздерін ашып, жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту. Осы мақсаттарды орындау барысында алдымен ҚАЖ департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев жеке кәсіпкерлерге түзеу мекемелерінде кәсіп ашудың жеңілдіктері мен мүмкіндіктері жайлы айтып түсіндірді.

Сондай-ақ, департамент басшысы қатысушы кәсіпкерлерді мекеменің өндірістік аймағынан өз кәсіптерін ашуға шақырды.

Сонымен қатар Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Исламбек Төлегенов сөз сөйледі.

– Мемлекет басшысы өз Жолдауында азаматтардың әлеуметтік жағдайын түзету, мемлекетіміздің басты бағыты ретінде айқындаған болатын. Сондықтан да Бас прокуратураның тапсырмасына сәйкес, облыстық прокуратурамен бірлесе отырып, түзеу мекемелеріндегі сотталғандарды жұмыспен қамту бағытында тиісті департамент басшыларымен бірге жұмыс жүргізіп келеміз. Бүгінгі іс-шараға шағын және орта бизнес өкілдерін тарта отырып, түзеу мекемелерінің аумағынан жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етпекшіміз. Бұндай іс-шаралардың жұмыссыз сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, уақыттарын тиімді пайдаланылуына және үкім бойынша жүктелген қарыздарды өтеуіне игі ықпалы зор, – деді ол.

Қазіргі таңда №60 мекемесінде 155-ке жуық сотталған 12 жеке кісіпкер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмысқа орналасқан. Бұл күні іс-шараға келгендерге жұмысқа орналасқан сотталғандардың жасап шығарған өнімдерінен көрме ұсынылды. Көрмеге ағаш өнімдері, қолөнер бұйымдары, газоблок, пенаблоктар қойылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<