Қызылорда облысының тұрғынынан қару, есірткі және зергерлік бұйымдар тәркіленді

418

0

Фото: Telegram-канал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының тұрғынынан қару, есірткі және зергерлік бұйымдар тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қызылорда облыстық ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері ұрлық қылмысы үшін бұрын сотты болған 32 жастағы қызылордалық тұрғынды құрықтады. Оның тұрып жатқан мекенжайынан оқ, есірткі заттары және үйдің қорасына жасырылған зергерлік бұйымдар табылды.


«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полициядан.

Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<