Қызылорда өңірінде тұрғындар 1 күнде 8 ауылдың әкімін сайлайды

734

0

Фото: Сайлау комиссиясы

Бүгін Қызылорда өңірінде 8 ауылдың әкімі сайланады. Атап айтқанда, Арал ауданындағы Бөген, Сазды, Қосаман, Қазалы ауданындағы Алға, Тасарық ауылдық округтері мен Қармақшы ауданындағы Т.Көмекбаев және Жалағаш ауданындағы Таң, Шиелі ауданындағы Телікөл ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткізілуде. Мұнда барлығы 5880 сайлаушы дауыс беру құқығына ие.

Қызылорда өңірінде тұрғындар 1 күнде 8 ауылдың әкімін сайлайды

11 сайлау учаскесі құрылып, 59 комиссия мүшесі қызмет атқаруда.
Таңсәріден бері дауыс беруге асыққан азаматтардың ішінде отбасымен бірге келген сайлаушылардың үлесі басым болды.

Қызылорда өңірінде тұрғындар 1 күнде 8 ауылдың әкімін сайлайды


Олардың қатарында қазалылық Шамарановтар әулеті бар. Ол Тасарық ауылдық округіндегі №77 сайлау учаскесіне отбасын ерте келіп, балаларымен бірге өз таңдауын жасады.

– Әрбір сайлау біздің отбасы үшін маңызды. Балаларымды сайлауға ерте баратын дәстүрім бар. Себебі балалар жастайын елдік істе әрбір дауыстың маңызды екенін сезінуі керек. Бүгін міне, ауданымызға жанашыр, туған жерін дамытуға ниетті азамат үшін дауыс бердім,-дейді Болатбек Шамаранов.
Айта кетейік, 8 ауылдық округ бойынша 26 кандидат сайлау бюллетеніне енгізілді. Оның 25-і өзін-өзі ұсыну жолымен, 1-і саяси партия атынан бақ сынауда.
Дауыс беру кешкі сағат 20.00-ге дейін. Дауыс беру аяқталғаннан кейін учаскелер 12 сағат ішінде дауыстарды санап, қорытынды шығарады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<