Қызылорда полицейлері жоқ көліктерді сатқан алаяқты қолға түсірді

1238

0

Фото: Polisia.kz

Қызылорда полицейлері жоқ көліктерді сатқан алаяқты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 20-22 қараша аралығында Қызылорда облысы аумағында «Hi-tech» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шара жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарды ашудың алдын алуға бағытталған.

Бұл шара барысында полицейлер алаяқтық жасаған бұрын сотты болған қала тұрғынын ұстады.

27 жастағы азаматша интернет желісіндегі автокөлік сататын жарнама сайтына жалған жарнама жариялап, көлікті сатып алуға қызығушылық танытқан желі қолданушыларынан жарнаманы алып тастау үшін алдын ала қаражат жіберуін сұраған.

Осылайша, оңай олжа көздеген әйел жоқ көліктерді сатқан. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдікті азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті азаматша қамауға алынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<