Қызылорда Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары тағайындалды

217

0

Фото: Полиция департаменті

Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан Нұғманұлы жеке құрамға жаңадан тағайындалған бірінші орынбасарын таныстырды. Министрдің бұйрығымен Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметіне полиция полковнигі Абдраманов Ермахан Әділханұлы тағайындалды.

Абдраманов Ермахан Әділханұлы ҚР ІІМ-нің Алматы қаласы жоғары мектебін тәмамдаған. Еңбек жолын жедел уәкіл болып бастаған, әр түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

2022 жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Шымкент қаласының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Махсудхан Нұғманұлы жаңа орынбасарға табысты әрі жемісті жұмыс тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<