Қызылорда полициясы Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

150

0

Фото: Полиция департаменті

Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – елдің саяси тәуелсіздігі мен егемендігінің рәміздері. Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын белгі.

Еліміздің тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба тәуелсіздігіміздің жариялануының дәл 130-шы күні, яғни 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Ал «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданған еді. Осы заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым – Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленіп келеді.

Айтулы күнге орай облыс орталығындағы Рәміздер алаңында Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы салтанатты түрде сапқа тұрып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін шырқады.

Іс-шара барысында департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы жеке құрамды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, өз тілегін жеткізді.

«Еліміздің ежелден аңсаған Тәуелсіздігіне қол жеткізіп, қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен әдет – ғұрпының қайта жаңғыруы, мемлекеттік рәміздердің бекітілуі егемен еліміз үшін ерекше құбылыс. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді қастерлеу азаматтарымыз үшін басты міндет болып табылуы тиіс. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей!