Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы І жарты жылдықты қорытындылады

574

0

Бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов 2023 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Жылдың бірінші жартысында мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдері 45 млрд. 488,2 млн. теңгені құраған. Оның ішінде республикалық бюджет бойынша салықтық түсімдер 34 млрд 639,6 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түсім 3 406,3 млн теңгеге артқан. Жергілікті бюджеттің түсімі 10,8 млрд теңгені құрап, 2022 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда түсім 4,8 млрд теңгеге көбейген. Сондай-ақ, салық базасын ұлғайту бағытындағы әкімшілендіру және камералдық бақылау жұмыстарының нәтижесінде бюджет кірісіне қосымша 1 млрд. 450 млн. теңге алынған.

2023 жылдың 1 шілдесіне жеке тұлғаларды қоспағанда барлығы 39 376 салық төлеуші тіркелген, оның ішінде 31 499 салық төлеуші дара кәсіпкер. Есепті кезеңде салық төлеушілерге 156 496 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Мерзімінде өтелмеген салық міндеттемелерін мәжбүрлеп өндіру шараларымен борышкерлердің мемлекет алдындағы қарызы 1 млрд теңгеге, яғни 33,2 пайызға азайтылған.

Бұдан бөлек, брифингте басқарманың есепті кезең ішінде атқарған бюджет кірісін қамтамасыз ету бағытындағы салықтық әкімшілендіру шаралары, жеке тұлғалардың банкроттығы, жалпыға бірдей декларациялау сияқты жұмыстар ағымы туралы баяндалды.

– «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде бюджет кірісін қамтамасыз ету үшін салық төлеушіге сапалы қызмет көрсету, салық салу мәселелерінде халықтың салық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыратын боламыз,- деп қорытындылады өз сөзін басқарма басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<