Қызылорда қаласында Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңке таңғы сағат 08:00-де басталып, қала тұрғындарына аудан еңбеккерлері өндірген табиғи, экологиялық таза және сапалы өнімдер базар бағасынан 15-30 пайызға төмен бағада ұсынылды.
Жалпы, жәрмеңкеге ауданнан 60-қа жуық автокөлікпен 145 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Оның ішінде жоғары сұрыпты күріш, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, асқабақ, қызылша, қызанақ, бұрыш, алма, жүзім, сондай-ақ ет пен балық өнімдері сауда сөрелерінде жоғары сұранысқа ие болды.
Жәрмеңке ауыл еңбеккерлеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынуға, ал қала тұрғындарына сапалы өнімді қолжетімді бағамен алуға мүмкіндік берді.
Сонымен бірге, жәрмеңке алаңында санитарлық талаптар сақталып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалды.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі






