Қызылорда қаласында ерекше аялдама пайдалануға берілді

899

0

Фото: ТЖД

Қызылорда қаласының тұрғындары енді автобусты өрт сөндірушілер аялдамасында күтеді. Бұл аялдама – Қызылордалық өрт сөндіруші- құтқарушылардың екінші креативті жобасы.

Дәлірек айтқанда, қала тұрғындары автобусты өрт сөндіргіш құралы бейнеленген аялдамада күтеді. Себебі бұған дейін де қала аумағындағы М. Саламатов көшесінің бойында орналасқан өрт сөндіру автокөлігінің кабинасы бейнеленген аялдама көпшілікке қызмет етуде. Қазіргі кезде аялдама көптің қызығушылығын тудырып қана қоймай, оқушыларға, тіпті автокөлік жүргізушілеріне де өрт қауіпсіздігі қағидаларын насихаттауда. Сонымен бірге «Мен өрт сөндіруші боламын!», – деп талап білдірген жастарға да оқуға түсу тәртібі насихатталып, нағыз көмекші құралға айналды. Осылайша қала тұрғындарының сұрауымен екінші аялдаманы жасауды жөн көрген әріптестер Жеңіс көшесінің бойында орналасқан №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағындағы ялдаманы – өрт сөндірушілер аялдамасы етіп, қайта жасақтап шықты. Бүгіннің өзінде көптеген қала тұрғыны селфи-фотосуретке түсіп, әлеуметтік желіге жүктеуде.

Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<