Осы жылы да аймақ басшысының қолдауымен қалада ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Соның бірі – Қожа Ахмет Яссауи көшесі қайта жаңғыртылады, деп хабарлайды Kazinform.
Ұзындығы 3 шақырымға жуықтайтын көше 4 жолаққа ауыстырылады. Жаяу жүргіншілер жолы түсіп, толығымен жарықтандырылады. Жоба құны – 3 млрд теңге. Бұл жұмыстардың басталуына республикалық бюджеттен 300 млн теңге бөлініп отыр. Жоспар бойынша қайта жаңғырту жұмыстары күз айларына дейін аяқталуы тиіс.
Мердігер мекеме – «Қыран» ЖШС бүгінде дайындық шараларын бастап кетті. Маңызы зор жобаның жай-жапсарымен танысқан қала әкімі Асылбек Шаменов компания өкілдеріне құрылысқа қажетті материалдардың сапалы, жасалатын жұмыстардың тиянақты болуын тапсырып, жауапты сала жетекшілеріне күнделікті бақылау жасап отыруды міндеттеді.
Айта кету керек, қайта жаңғыртудан өтетін көшенің бойын абаттандыруға қосымша жоба әзірленіп жатыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<