Қызылорда қаласының №2 сотында баспасөз конференциясы өтті

626

0

Қызылорда қаласының №2  сотында 2023 жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыс қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.

Баспасөз конференциясын Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы Жаңабаев Балғабай Узайырұлы жүргізді.

Шараға «Сыр дидары» және «Qyzylorda» телеарнасының тілшілері қатысты.

Төраға Б.Жаңабаев статистикалық мәліметтерге тоқталып, яғни 2023 жылдың 9 айында сот өндірісіне 395 қылмыстық істері түскенін, жекеше айыптау тәртібімен өндіріске қабылданып қозғалғаны – 5, ҚПК-нің талабымен «үкімді орындау кезінде соттың қарауына жататын мәселелер» туралы сотқа 1408 ұсыныс материалдары түскенін, былтырғы жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы қылмыстық істер мен ұсыныс материалдардың көбейгенін атап өтті.

Сонымен қатар, 2023 жылдың 9 айында 353 адам сотты болғанын, оның ішінде: бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғаны – 103 адам; айыппұл жазасы 27 адамға; қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы 43 адамға; бас бостандығынан шектеу жазасы 152 адамға; шартты сынақ мерзімі 17 адамға белгіленген. Сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстық істер бойынша 17 адам сотты болғаны.

Жиын соңында төраға бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Қызылорда қаласының №2 соты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<